Қоғамдық оферта
(Білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт)

біліктілікті арттыру курстары мен сертификаттық курстарды, сондай‑ақ өзге де білім беру іс‑шараларын өткізуге арналған

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы қоғамдық оферта (бұдан әрі – «Оферта») – «“Санат” білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС‑нің (бұдан әрі – «Ұйым»), Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген заңды тұлғаның, білім беру қызметтерін (бұдан әрі – «Шарт») осы құжатта көрсетілген шарттармен көрсету туралы ресми ұсынысы болып табылады.

1.2. Ұйым ересектердің қосымша білім беру саласында (біліктілікті арттыру курстары, тренингтер, семинарлар, мастер‑класстар және онлайн‑бағдарламалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ақылы білім беру қызметтерін көрсетеді.

1.3. Ұйым Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінде (IAAR) институционалдық аккредиттеуден өткен: сертификат № AA 0228/1, 17.06.2022 ж. (жарамды мерзімі – 20.12.2026 ж. дейін).

1.4. Оферта Ұйым өткізетін білім беру бағдарламаларына қатысуға мүдделі жеке тұлғаларға арналады.

1.5. Офертаға акцепт Клиенттің өтінішке (қағаз немесе электрондық түрде) қол қоюы арқылы жүзеге асырылады және жеке құжат жасамай‑ақ Шарт жасалғанымен теңестіріледі.

1.6. Ұйым осы Оферта мәтінін өз бетінше өзгертуге құқылы; бұл ретте жаңартылған нұсқасын веб‑сайтта жариялап, Клиентті өзгерістер күшіне енгiзілгенге дейін кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын e‑mail арқылы қосымша хабардар етуі қажет.

1.7. Клиент өзгерістермен келіспеген жағдайда, олар күшіне енетін күнге дейін жазбаша түрде Шарттан бас тарта алады; бұл жағдайда есеп айырысу осы Офертаның 4.4‑тармағына сәйкес жүргізіледі. Бас тарту болмаған жағдайда Клиент жаңартылған редакциямен келіскені деп есептеледі.

1.8. Осы Оферта Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 389‑бабына сәйкес қосылу шарты болып табылады. Оның шарттары барлық Клиенттер үшін бірдей.

2. Офертаның (шарттың) пәні

2.1. Ұйым Клиентке білім беру қызметтерін көрсетуге міндеттенеді, оған мыналардың бірі немесе бірнешеуі кіруі мүмкін:

a) Бейресми білім беру (вебинарлар, семинарлар, мастер‑класстар);
b) Ұйымның ресми сайтында көрсетілген бағыттар бойынша біліктілікті арттыру курстары, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, фармация және денсаулық сақтаудағы менеджмент;
c) Сертификаттық курстар: «Денсаулық сақтаудағы менеджмент», «Фармация менеджменті», «Фармациядағы сапаны басқару»;
d) Қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конференцияларға онлайн/офлайн форматта қатысу.

2.2. Бағдарламаның нақты параметрлері (атауы, ұзақтығы, құны, форматы және өткізу мерзімі) Клиент өтінішінде не Ұйымның сайтындағы тиісті сипаттамада айқындалады.

2.3. Бейресми білім беру нәтижелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталған жағдайда құзыретті органдар, жұмыс берушілер және өзге ұйымдар тарапынан танылуы мүмкін. Ұйым үшінші тұлғалардың нәтижелерді автоматты түрде тануына жауап бермейді.

2.4. Клиент таңдаған бағдарламаның күшін жою, басталуын 14 (он төрт) күнтізбелік күннен көп уақытқа ауыстыру немесе топтың толық жинақталмауы жағдайында Ұйым 5 (бес) күн ішінде Клиентке хабарлап, келесі нұсқаларды ұсынады:

a) өзара келісім бойынша қатысуды жаңа мерзімге ауыстыру; немесе
b) құнын қайта есептей отырып басқа бағдарламаны таңдау; немесе
c) 100 % төленген соманы 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтару.

3. Шарт түзу тәртібі

3.1. Шарт Клиент өтінішіне қол қойған сәттен бастап жасалған деп есептеледі. Өтініште мына мәліметтер болуға тиіс:

  • Толық аты‑жөні;
  • Байланыс деректері;
  • Жұмыс орны (болған жағдайда);
  • Оқу форматы мен тақырыбы;
  • Оқу мерзімі;
  • Оферта шарттарымен келісім.

3.2. Өтінішке қол қою арқылы Клиент ұсынған ақпараттың дұрыстығын және Оферта шарттарымен толық келісетінін растайды.

4. Құны және төлеу тәртібі

4.1. Қызметтердің құны қолданыстағы прейскурантқа немесе Ұйым өкілімен келісілген жеке есепке сәйкес айқындалады.

4.2. Төлем қолма‑қол ақшасыз есеп айырысу жолымен, QR‑төлемдер (Kaspi Pay), банктік аударымдар, сондай‑ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге тәсілдермен жүзеге асырылады.

4.3. Төлем күні деп қаражат Ұйымның шотына түскен күн есептеледі. Толық алдын‑ала төлемсіз қызметтер көрсетілмейді.

4.4. Клиент оқуды бастағаннан кейін қатысудан бас тартқан жағдайда, ақшалай қаражат Қызмет көрсетілмеген академиялық сағаттарға (pro rata) пропорционалды түрде, Тапсырыс берушінің жазбаша талабы түскен күнгі жағдай бойынша қайтарылады.

5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

5.1. Ұйым міндеттенеді:

  • Оқытуды мәлімделген шарттарда өткізу;
  • Ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету;
  • Барлық талаптар орындалған жағдайда Клиентке белгіленген үлгідегі құжат (сертификат, куәлік, анықтама) беру.

5.2. Клиент міндеттенеді:

  • Уақытылы төлем жасау;
  • Оқу регламенті мен тәртібін сақтау;
  • Білім беру үдерісіне белсенді қатысу.

6. Тараптардың жауапкершілігі

6.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

6.2. Клиент ұсынылған деректердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді.

6.3. Егер білім беру қызметтері толық көлемде және бекітілген бағдарламаға сәйкес көрсетілсе, Клиент оқыту форматын, мазмұнын, ұзақтығын, өткізу әдістерін және ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін негіз етіп Ұйымға шағым қоюға құқылы емес.

7. Қорытынды ережелер

7.1. Осы Оферта Қазақстан Республикасының заңнамасымен, оның ішінде Азаматтық кодексімен, «Білім туралы» Заңымен, сондай‑ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № ҚР ДСМ‑303/2020, № ҚР ДСМ‑274/2020, № ҚР ДСМ‑283/2020 бұйрықтарымен және денсаулық сақтау саласындағы қосымша, сертификаттық және үздіксіз білім беруді реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

7.2. Клиенттердің дербес деректерін өңдеу мақсаттары, көлемі, мерзімдері және өзге де шарттары туралы мәліметтерді қамтитын Құпиялылық саясаты ашық қолжетімділікте [сілтеме] мекенжайында орналастырылған және осы Офертаның ажырамас бөлігі болып табылады. Офертаны акцепттеу (1.5‑т.) арқылы Клиент Ұйымға аталған Саясатта көзделген тәртіпте және көлемде өз дербес деректерін өңдеуге ерікті түрде және өз мүддесінде келісім береді және онымен танысқанын растайды.

7.3. Ұйымның онлайн‑платформасын пайдалану тәртібін реттейтін Пайдаланушы келісімі (қолданылатын болса) ашық қолжетімділікте орналастырылған. Клиент Офертаны акцепттей отырып, Пайдаланушы келісімінің шарттарымен келіседі және платформаны пайдалану барысында оны сақтауға міндеттенеді.

7.4. Клиент Офертаны акцепттеу арқылы Ұйым сайтына орналастырылған аталған саясаттар мен шарттарға келісетінін келісетінін растайды.

7.5. Осы Офертада реттелмеген мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, Азаматтық кодекспен, «Білім туралы» Заңымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен басшылыққа алады.

8. Ұйымның заңды мекенжайы

«“Санат” білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС
БСН: 151140009455
Заңды мекенжайы: Астана қ., Достық к‑сі 13, ВП 27
Электрондық пошта: astana_sanat@mail.ru
Телефон: 8 (7172) 76‑80‑69
Сайт: https://www.sanatstudy.com
«20» мамыр 2025 ж.